Қызметтер
Геологиялық модельдеу
- Скрининг және көпсалалы деректерді талдау;
- Коллектор қасиеттерін және бөлінген коллекторларды бағалау;
- Кен орнының құрылымдық-тектоникалық моделін талдау;
- Қабаттарды корреляциялау;
- Геологиялық тұжырымдаманы (концептіні) құру;
- Ұңғымалар арасындағы кеңістікте литология мен петрофизикалық қасиеттердің таралуын анықтау;
- Кен орнының геологиялық құрылымын нақтылау;
- Қорлар бойынша есеп.
Гидродинамикалық модельдеу және игеру талдауы
- Мұнай өндіру/айдау және ұңғыма оқиғалары бойынша тарихи деректерді талдау;
- Мұнай қорының өндірілуін талдау;
- Аймақтар бойынша энергетикалық жағдайды бағалау;
- Гидродинамикалық модель құру;
- Флюидтік (сұйықтық) модель құру;
- Игеру тарихын симуляциялық есептеулер арқылы талдау.
Геологиялық және техникалық қамтамасыз ету
- Кен орнын игеру үдерістеріне инженерлік сүйемелдеу;
- Геологиялық-техникалық іс-шараларды (ГТІ) әр кезеңде іске асыруды сүйемелдеу;
- ГТІ-ні негіздеу және жоспарлау, олардың әлеуетті тиімділігін бағалау;
- Белгіленген мақсаттарға жету үшін көлденең ұңғымаларды бұрғылау кезінде геологиялық сүйемелдеу;
- Тапсырыс берушімен бірлесіп ГТІ-ді жүзеге асыруға арналған техникалық тапсырма мен жұмыс жоспарын әзірлеу;
- ГТІ іске асыру барысында алынған жаңа деректерді модельге енгізу, модельді нақтылау және қажет болған жағдайда ГТІ жоспарын жаңарту.
Игеру тиімділігін арттыру
- Геологиялық-гидродинамикалық модель нәтижелері негізінде игерудің ағымдағы жағдайын талдау;
- Жаңа көлденең және тік ұңғымаларды бұрғылауға немесе бүйірлік оқпандарды (зарезка) жобалау, ұңғыма траекторияларынесептеу;
- Қолданыстағы ұңғымалар қорына игеру үдерістерін оңтайландыру бойынша ұсынымдар беру, су айдау жүйесінің (ППД) тиімділігін бағалау және мұнай өндіру көлемін арттыруға арналған нақты ұсыныстар әзірлеу;
- Гидродинамикалық модель негізінде мұнай өндірудің болжамды көлемін есептеу.
Экономикалық және жобалық инжиниринг
- Геологиялық-техникалық іс-шаралардың (ГТІ) экономикалық тиімділігін есептеу;
- Болжамдық нұсқаларды есептеу және кен орнын игеру жоспарын әзірлеу;
- Игеруді сүйемелдеу бойынша жобалық құжаттаманы дайындау.
Кеңес беру және оқыту
Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша тренингтер өткізу;
Оқыту тақырыптарының негізгі бағыттары:
- Геологиялық және гидродинамикалық модельдерді құрудың негізгі практикалық дағдылары;
- Қабат физикасы;
- Геологиялық-техникалық іс-шараларды (ГТІ) негіздеу және жоспарлау;
- Игеру жүйесін оңтайландыру;
- Көлденең ұңғымаларды жобалау және жоспарлау;
- Геология негіздері.
Кен орындарын және геологиялық құрылымдарды игерудің әлеуетті мүмкіндіктерін жедел бағалау.
Сұрақтар қалды ма?
Өтініш қалдырыңыз, және менеджеріміз жақын арада сізбен байланысады!